Махмұт Сабырхан, Бибосынов пен Санжар Тәшкенбайдың Спартакиададағы қарсыластары белгілі

©

Астанада Қазақстанның бокстан VI спартакиадасы өтіп жатры, деп хабарлайды Vesti.kz

Бұл жарыста 51 келіде өнер көрсететін Сәкен Бибосынов (2021 жылғы әлем чемпионы) 1/4 финалда Павлодар облысының 20 жастағы боксшысы Ғаббас Дүйсекеновпен кездседі. 

Тағы бір әлем чемпионы (2023 жыл) Санжар Тәшкенбай 54 келі салмақта былтырғы Қазақстан чемпионатының финалисті Бекзат Алдамжаровпен жекпе-жек өткізеді.

Әлем біріншілігінің тағы бір жеңімпазы (2023 жыл) Махмұт Сабырхан (57 кг) алғашқы айқасын былтырғы Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері (60 келідегі) Дулат Тұрлыбекұлымен өткізеді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport