Бокс
8 қыркүйек 12:35
 

Махмұт Сабырхан ӘЧ-дегі жеңістен кейін Олимпиада алтыны туралы мәлімдеме жасады

  Пікірлер

blog.share

Махмұт Сабырхан ӘЧ-дегі жеңістен кейін Олимпиада алтыны туралы мәлімдеме жасады ©ҚБФ

Қазақстан құрамасының боксшысы Махмұт Сабырхан Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан 2025 жылғы әлем чемпионатындағы алғашқы жеңісінен кейін мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Қазақстан құрамасының боксшысы Махмұт Сабырхан Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан 2025 жылғы әлем чемпионатындағы алғашқы жеңісінен кейін мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Еске салайық, 55 келі салмақта өнер көрсететін Махмұт алғашқы жекпе-жекте омексикалық Брайан Ортисті жеңген болатын. 

"Әрбір турнирде, әр чемпионатта алғашқы айқас ең қиыны. Мексикалық қарсыласпен рингке шығып, алғашқы жеңіске жеттім. Бұл жарыста біз бәріміз бір отбасы секілдіміз: ағайынды Сабырхандар, ағайынды Оралбайлар – барлығымыз Қазақстанда екі әлем чемпионынан болатындай тарихқа енуге тырысып жатырмыз. Әрине, World Boxing енгізген жаңа салмақ дәрежелеріне бейімделуге тура келді. Бірақ дәл осы салмақтарда біз Олимпиада алтынын жеңе аламыз деп сенемін", – деп береді Сабырханның сөзін World Boxing баспасөз қызметі.

Айта кетейік, әлем чемпионаты алғаш рет World Boxing ұйымының аясында өтіп жатыр. Жарыс 4 қыркүйекте басталып, 14 қыркүйекке дейін жалғасады.

Махмұт Сабырхан – 2023 жылғы әлем чемпионы, 2021 жылғы әлем біріншілігінің күміс жүлдегері және 2022 жылғы Азия вице-чемпионы.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!