Бүгін, 3 шілдеде Астанада өтіп жатқан бокстан Әлем кубогінің кезекті жарыс күні өтеді. Қазақстан құрамасынан бүгін рингке жеті боксшы шығады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Жеті боксшымыздың үшеуі күндізгі сессияда, төртеуі - кешкі бөлімде. Күндізгі сессия Астана уақытымен 14:00-де, ал кешкісі - 19:00-де басталады. Барлық жекпе-жектерді Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.
Астанадағы бокстан Әлем кубогіндегі жекпе-жектерге тікелей трансляция
Күндізгі сессия (басталуы 14:00):
Әйелдер. 70 кг: Наталья Богданова – Барбара Мария Дос Сантос (Бразилия) – ринг A, жұп №3
Ерлер. 60 кг: Серік Теміржанов – Шунсуке Китамото (Жапония) – ринг B, жұп №5
Ерлер. 80 кг: Нұрбек Оралбай – Лакшия Чанар (Үндістан) – ринг A, жұп №10
Кешкі сессия (басталуы 19:00):
Әйелдер. 57 кг: Айдана Забынбекова – Алиса Мендоса (АҚШ) – ринг B, жұп №2
Ерлер. 55 кг: Махмұт Сабырхан – Аарон Джуд Бадо (Филиппин) – ринг B, жұп №3
Ерлер. 75 кг: Сабыржан Аққалықов – Джошуа Офори (Канада) – ринг B, жұп №6
Ерлер. +90 кг: Айбек Оралбай – Диего Ленци (Италия) – ринг A, жұп №8
Барлық кездесулер - ширек финал кезеңінде өтеді. Жеңіске жеткен спортшылар кемінде қола жүлдеге ілігеді.
Еске салайық, Астанадағы Әлем кубогі 6 шілдеге дейін жалғасады.
Жарнама