Махмұт Олимпиада іріктеуіндегі жекпе-жегіне қатысты ойын айтты

©ҚБФ

Қазақстандық боксшы Махмұт Сабырхан Италияның Бусто-Арцисио қаласында өтіп жатқан Олимпиадаға іріктеу турниріндегі алғашқы жекпе-жегі жайлы ойын айтты, деп жазады Vesti.kz

Бірінші айналымда 57 келіде өнер көрсететін Махмұттың қарсыласы эфиопиялық Ядеса Лета болды. Бұл айқаста қазақ боксшы 5:0 есебімен анық жеңіске жетті. 

"Қарсылас осал емес. Бапкерлер үш раунд бойы соққы тигізбей ойнап шық деді. Құдайға шүкір жеңдім. Келесі жекпе-жек сегізінші наурызда таиландтық боксшымен. Соған дайындаламыз. 

Бірінші раундта кішкене қиындау болды. Кейін екі мен үшіншісінде ашыла түстім. Рингті сезіндім, енді келесі айқастарда жеңілдеу болады деген үміттемін. 

Таиланд боксшысымен екі рет кездескенбіз. Тағы да мықты қарсыластар бар Әзірбайжан, Пуэрто-Рико мен Тәжікстаннан. Құдай қаласа, соларды жеңіп, лицензия иеленсем деген мақсат бар", - дейді Махмұт. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport