Бокс
Бүгін 09:10

Махмұт екі жекпе-жекпен турнир жүлдесін алды

©

Қазақстандық боксшы Махмұт Сабырхан Испанияның Ла-Нусия қаласында өтіп жатқан халықаралық Boxam Elite турнирінде жартылай финалға жолдама алды, деп хабарлайды Vesti.kz.

55 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі ширек финалда қазақстандық боксшы швециялық Элвин Ванукаганы 5:0 есебімен таза жеңді. Осы нәтиже арқылы Махмұт қола жүлдеге кепілді түрде жетіп отыр.

Айта кетейік, Махмұт Сабырхан - 2023 және 2025 жылдардағы екі дүркін әлем чемпионы, сондай-ақ, 2024 жылғы Азия чемпионатының жеңімпазы.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport