Қазақстандық боксшы Махмұт Сабырхан Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан 2025 жылғы әлем чемпионатында алғашқы жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.
55 келі салмақта огның қарсыласы Мексика елінің өкілі Брайан Ортис болды.
Бірінші раундты толықтай өз бақылауына алған қазақ боксшысы қарсыласын 5:0 есебімен ойсырата жеңді. Екінші үш минуттықта мексикалық спортшы Сабырханға айтарлықтай қарсылық көрсете алмады – Махмуд 3:2 есебімен тағы да басым түсті.
Осылайша, жекпе-жек тағдыры шешілетін соңғы, үшінші раундта да жеңіс Қазақстан боксшысына бұйырды – 5:0. Осылай Махмұт жарыстың келесі кезеңіне жолдама алды.
Жарнама