Бокс
4 қараша 2021 19:57

Махмұд Сабырхан үнді боксшысын жеңіп финалға шықты

©AIBA

54 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасатын қазақ боксшы Махмұд Сабырхан Белградта өтіп жатқан әлем чемпионатының финалында бақ сынайды. Отандасымыз жартылай финалда үнді боксшысы Акаш Кумарды жеңді.

Махмұд Сабырхан спорт жанкүйерлерін ерекше бокс өнерімен тәнті етуде. Шабуылдағы жылдамдығы мен қорғаныстағы қырағылығы ерекше. Үнді боксшысына қарсы жекпе-жекте де Махмұд мықтылығын мойындатты. Есеп 5:0.

Айта кетейік, осыған дейін 48 келіге дейінгі салмақта Теміртас Жүсіпов финалға шыққан болатын. Алда үш боксшымыз жартылай финалдық жекпе-жегін өткізеді.  

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport