Бокс
5 қараша 2021 23:49

Махмұд Сабырхан әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына тағы бір медаль түсірді

©AIBA

54 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасатын қазақ боксшы Махмұд Сабырхан Белградта өтіп жатқан әлем чемпионатының финалында жапон спортшысы Томоэ Цобойдан жеңіліп, күмісті қанағат тұтты.

Бірінші раундта екі боксшы да ширақ қимылдап, бір-біріне соққы берді. Отандасымыз әр минутта өзін сенімді ұстап, басымдық танытты. 

Келесі раундта спортшылар ашық жекпе-жек өткізді. Екінші раунд қорытындысы бойынша жапон спортшысы жеңіп, таразы басын теңестіріп кетті.

Үшінші раунда жапон спортшысы тактикалық тұрғыдан басымдық танытты.

Осылайша, Томоэ Цобой жапон тарихында тұңғыш әлем чемпионы атанды.

Айта кетерлігі, әлем чемпионатының финалында Қазақстан сапынан тағы 2 спортшы, атап айтқанда, Сәкен Бибосынов пен Серік Теміржанов бақ сынайды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport