"Маған Головкин...". Бивол "Канелоның" күші жайлы ашық айтты

©boxingscene.com

Жартылай ауыр салмақтағы WBA чемпионы Дмитрий Бивол мексикалық Сауль "Канело" Альварестің соққысы туралы айтып берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жартылай ауыр салмақта "Канело" да қатты ауыр соққы жасайды, бірақ, оның табиғи күші жоқ. Соққыны қатты ұрғысы келеді, алайда, күші жетпейді. Егер ол сияқты шіреніп тұрып ұратын болсам, оған қиын болатын еді. 

Бір соққымен ұшырып түсіретін табиғатынан мықты адамдар бар. "Канело" ол қатарға жатпайды. Ол табиғи күшпен тумаған. Маған Головкиннің табиғи күші басым сияқты көрінеді", - деді ресейлік боксшы.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport