auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

"Мадақтап жүрген панчерді жеңу қызық болады". Тищенко Балоевпен жұдырықтасуға шарт қойды

"Мадақтап жүрген панчерді жеңу қызық болады". Тищенко Балоевпен жұдырықтасуға шарт қойды
Vesti.kz©
2016 жылы Риода өткен Олимпиаданың чемпионы, бірінші ауыр салмақта өнер көрсетіп жүрген ресейлік боксшы Евгений Тищенко (4-0, 2 КО) қазақстандық Али Балоевтың жекпе-жекке шақырғанын қабыл алды. Ресейліктің сөзін Фируза Шарипованың баспасөз қызметі келтіріп отыр. 

"Сондай бір батылдықпен шақырған Али Балоевпен жұдырықтасуға қарсы емеспін. Кәсіпқойда рекорд жасауым қажет, сондықтан осындай мадақтап жіберген панчерді жеңу қызық болады. Әрине өзі ойдан шығарған нокаутқа жол бермеспін. Сосын алдымен Андрей Князевпен шықсын. Бұл жекпе-жекті көруге өзім келемін. Оны жеңе алса, сөйлесеміз. Бірақ Андрей оған мүмкіндік береді деп ойламамймын. Ол боксшымен жеке таныспын, жерлеспіз десе болады. Сондықтан Али, Воронежде кездескенше", - дейді Тищенко. 

Мұның алдында Балоев Тищенконы жекпе-жекке шақырып, нокаутқа түсіруге уәде еткен. Осылайша, ол Василий Левиттің Олимпиададағы жеңілісі үшін есеп айырыспақ екен. 

"Левит үшін есеп айырысам". Қазақстандық кәсіпқой Тищенконы жекпе-жекке шақырды

Ал ресейлік өзге боксшы Андрей Князев Балоевке алдымен өзімен жекпе-жекке шығуды ұсынды және уақыт пен орынды белгілеп те қойды. “12 мамыр Воронежде күтемін”, - деген еді ол. Балоев бұл шақыртуға келісті


Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама