Лукас пен Қызайбай рингте кездесуі мүмкін

©eubcboxing.org

Қазақстандық боксшы Ангелина Лукас Түркияда әуесқойлар арасында өтетін әлем чемпионатына қатысады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Белгілі болғандай Лукас IBA ұйымының атынан қатысады. Бұл турасында спортшы инстаграм парақшасында хабарлады. Осылайша, отандасымыз Қазақстан құрамасынан аталмыш жарысқа қатысатын 12 былғары қолғап шеберінің қатарында жоқ.

Демек, әлем чемпионатында Ангелина Лукас пен Назым Қызайбай рингте қолғап түйістіруі мүмкін.

 

Еске салайық, өткен жылы бокстан әйелдер құрамасында дау шыққан еді. Лукас ел Президентіне хат жазып, Назым Қызайбайдың допинг қолданғаны жайлы және құрамадағы ауыр жағдай жайында айтқан болатын.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар