Қазақстандық боксшы Махмұт Сабырханның Ташкентте өтіп жатқан әлем чемпионатындағы алғашқы қарсыласы белгілі, деп хабарлайды Vesti.kz.
Жарысты 1/16 кезеңнен бастайтын Сабырхан венгриялық Иштван Сакамен айқасады. Боксшылар 54 келі салмақта өнер көрсетеді. Мажарстандық боксшы осы жарыстағы бірінші айқасында түркменстандық Довлет Мухановтан басым түсті. Енді қазақстандық пен мажарстандық боксшылар 8 мамырда бетпе-бет келеді.
Мұхмұт Сабырхан Азия чемпионы (2023), сонымен қоса, 2021 жылы әлем біріншілігі мен 2022 жылғы Азия чемпионатында күміс иеленген.