Жеңіл салмақта WBA (Super) және WBO белбеулерінің иегері украиналық Василий Ломаченко (12-1, 9 КО) және чемпиондыққа үміткер ұлыбританиялық Энтони Кролла (34-6-3, 13 КО) жекпе-жек туралы келісті, - деп хабарлайды
Vesti.kz.
Жекпе-жек 12 сәуір Лос-Анджелестегі Staples Center аренасында өтеді. Кездесу АҚШ-та ESPN арнасынан көрсетіледі.
"Ломаченко - Кролла арасындағы WBA белбеуі үшін жекпе-жек шарттарын Top Rank Promotions және ESPN бекіткені туралы хабарлауға қуаныштымын. 2 сәуір Staples Center. Алдағы уақытта көбірек мәлімет болады", - деп жазыпты Кролланың ісін жүргізетін Matchroom Boxing басшысы Эдди Хирн твиттер желісінде.
Жарнама