Үш салмақ дәрежесі бойынша әлемнің экс-чемпионы Василий Ломаченко (16-2, 11 КО) бокс тарихындағы ең үздік үш спортшыны атады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
"Менің ойымша Рой Джонс үзідктердің біріне жатады. Бала күнімде Джонстың айқастарын көретінмін. Рой Джонс, Майк Тайсон және Мұхамед Әли. Кімнің қай орын алатынын бөліп жарғым келмейді. Бірақ бокс тарихында осы үшеуі ең үздіктердің қатарында", - дейді Ломаченко EsNews YouTube арнасына берген сұхбатында.
Еске салайық, Ломаченко 30 қазанда Нью-Йоркте Top Rank промоутерлік компаниясының бокс кешінде 26 жастағы америкалық Джемейн Ортиспен (16-01, 8 КО) қолғап түйістіреді.