Жеңіл салмақта экс-чемпион украиналық Василий Ломаченко (15-2, 11 КО) мен ганалық Ричард Комми (30-3, 27 КО) арасында жекпе-жек өткізу жайында келіссөздер өтті, деп хабарлайды ESPN.
Қос спортшы арасындағы айқас 11 желтоқсанда Нью-Йорктің Madison Square Garden аренасында өтеді деп жоспарланып отыр.
Еске салайық, өткен жылдың қазан айында Ломаченко америкалық Теофимо Лопеске есе жіберіп, WBC, WBA Super және WBO белбеулерінен айырылған болатын. Ал 2019 жылдың желтоқсанында Лопес пен Комми жұдырықтасып, ганалық боксшы нокаутпен жеңілген.