Жеңіл салмақтағы қазақстандық боксшы Санжар Тәшкенбай Польшадағы жастар арасындағы әлем чемпионатының финалына шыққан құрамадағы бірінші боксшы болды, деп хабарлайды Vesti.kz.
49 келі салмақта өнер көрсететін Санжар үндістандық Бишвамитр Чонгтамнан басым түсті. Бірінші раундта қазақ боксшы қарсыласын жамбасқа да салып, бір аунатып алды:
"Іліне берме: жастар арасындағы чемпионатта Санжар Тәшкенбайдан", - делінген видеоға жазылған сипаттамада.