Бокс
9 қыркүйек 09:00

Ливерпульде Қазақстаннның бір боксшысы қатардан шығып қалды

©ҚР ҰОК

Қазақстандық боксшы Сабыржан Аққалықов Англияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының ширек финалына өте алмады, деп хабарлайды Vesti.kz.

75 келі салмақтағы 1/8 финал кезеңінде ол украиналық боксшы Павел Иллюшамен кездескен болатын.

Бірінші раунд төрешілердің бөлек шешімімен украиналық спортшының пайдасына аяқталды – 3:2. Екінші үш минуттықта да Павел Иллюша 4:1 есебімен басым түсті.

Тек соңғы раундта Сабыржан Аққалықов 3:2 есебімен үстемдік көрсетті. Алайда жекпе-жек қорытындысы бойынша украиналық боксшы төрешілердің бөлек шешімімен жеңіске жетті – 3:2.

Айта кетейік, бұл әлем чемпионаты алғаш рет World Boxing аясында ұйымдастырылып отыр. 4 қыркүйекте басталған жарыс 14 қыркүйекке дейін жалғасады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport