Бокс
23 қыркүйек 12:39

Ливерпульде чемпион атанған ағайындыларға көлік пен пәтер берді

©Шымкент әкімдігі

Ливерпульде (Англия) өткен әлем чемпионатында топ жарған қазақстандық боксшылар Шымкентте салтанатты түрде марапатталды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Еске салайық, World Boxing ұйымы өткізген тарихтағы алғашқы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте бірінші орынды иеленді. Құрама қоржынында жеті алтын, бір күміс және екі қола жүлде бар.

Махмұт Сабырхан екінші мәрте әлем чемпионы атанса, оның інісі Төрехан Сабырхан Қазақстан тарихында әлем чемпионы атанған тұңғыш 19 жастағы боксшы болып отыр.

Жеңімпаздарға демеушілер атынан автокөлік пен пәтер кілттері табысталды. Сонымен қатар, олардың әкесі Айдархан Сабырханұлына да жеке сыйлық ретінде автокөлік берілді.


Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport