Лицензиялық турнир. Бас бапкер мәлімдеме жасады

©ҚБФ

Бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов ерлер командасының Италияның Бусто-Арсицио қаласында өтетін лицензиялық турнирге дайындығы туралы пікір білдірді, деп жазады Vesti.kz.

Қазіргі таңда ұлттық құрама Шымкентте оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Оған 80-дей боксшы қатысуда. Бусто-Арсициоға аттанатын алты боксшыдан бөлек онда ұлттық команданың өзге өкілдері мен Қазақстанның әр облысынан боксшылар да бар. 

"Жігіттер жақсы дайындалды. Лицензиялық турнир алдында боксшылардың тактика-техникалық дайындығына көбірек мән бердік. Барлық жағдайды Қазақстан бокс федерациясы жасап отыр. Енді 29 ақпанда Италияға ұшамыз", - дейді Айтжанов. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport