Левиттің орнын басқан Айбек Оралбай әлем чемпионатының екінші кезеңіне шықты

©ҚФБ

Сербияның астанасы Белград қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатын отандасымыз Айбек Оралбай жеңіспен бастады, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Әлем біріншілігінің бірінші айналымында Оралбай польшалық боксшы Матеуш Берецнискиге қарсы қарсы өткізді. Үш раундтың қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті бірауыздан отандасымызға берді. 

92 келіге дейінгі салмақта сынға түсіп жатқан Айбек Оралбай енді келесі айналымда өзбек боксшысы Мадияр Сайдрахмонов пен беларусь Владислав Смягликов арасындағы кездесудің жеңімпазымен жолығады. 

Айта кетейік, бұл салмақта Айбек атақты Василий Левиттің орнын басып келген болатын. 

Еске салайық, бұған дейін дейін әлем чемпионатының бірінші айналымынан 54 келіге дейінгі салмақтағы боксшымыз Махмұд Сабырхан сәтті өткен. 

Бүгін кешкі сессияда Саматәлі Төлтаев пен Асыланбек Шымбергеновтер өз кездесулерін өткізеді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар