Бокс
12 мамыр 2020 13:26
 
Левитті Олимпиадада даулы шешіммен жеңген ресейлік боксшы коронавируске шалдықты

  Пікірлер

blog.share

Левитті Олимпиадада даулы шешіммен жеңген ресейлік боксшы коронавируске шалдықты Сурет: XSPORT.ua

Рио-де-Жанейрода өткен 2016 жылғы Олимпиадада 91 келі салмақта алтын иеленген ресейлік боксшы Евгений Тищенко коронавирус жұқтырды, - деп хабарлайды Mash телеграм арнасы. 

Боксшы өзі барып, дәрігерлер көмегіне жүгінген. Сараптама қорытындысы коронавирус инфекциясы барын көрсеткен. Осыдан кейін боксшы өз үйіндегі карантинге жатқызылды. Тищенкода COVID-19 инфекциясының жеңіл түрі екені айтылды. 

28 жастағы Тищенко қазір кәсіпқой боксқа ауысып, жеті жекпе-жектің барлығында жеңген. 

Еске салайық, Тищенко 2016 жылғы Олимпиада финалында қазақстандық Василий Левитті төрешілер шешімімен жеңген. Алайда бұл шешімге залдағы көрермендер қарсы болып, наразылық ретінде ысқыра бастаған. Ашулы көрермендерді қазақстандық боксшының өзі сабырға шақырған болатын.  

Жарнама

Живи спортом!