Бокс
3 қазан 2019 17:15

Левитпен әлем чемпионатында болған оқиғаға қатытсты бапкерлер штабы толығымен сөгіс естіді

© ҚБФ
Ғалым Кенжебаев бастаған бокстан Қазақстан құрама командасының бапкерлер құрамына сөгіс жарияланды.

Қазақстан бокс федерациясының бапкрелер штабы Екатеринбургте өткен әлем чемпионатының қортыныдысын сараптай келе осындай шешім шығарды. Нақты алғанда жартылай финалда Василий Левит өнер көрсеткеннен кейін, қазақстандық боксшының көмекшілері жекпе-жек қорытындысына шағымдана алатын және міндетті де еді. Ереже бойынша, бапкер төрешілерге жекпе-жектен кейін 60 секунд ішінде сары қағаз ұсыну қажет. Алайда көмекшілер бұл мүмкіндікті бірден пайдаланбаған, ал рингке келгенде уақыт өтіп кеткен.