3wxz0jki2LDCwOODdgoaVtGAHIlqZGdxTpRrDSgS
auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

"Левит үшін есеп айырысам". Қазақстандық кәсіпқой Тищенконы жекпе-жекке шақырды

"Левит үшін есеп айырысам". Қазақстандық кәсіпқой Тищенконы жекпе-жекке шақырды
© Instagram
Ауыр салмақта жұдырықтасатын қазақстандық кәсіпқой Али Балоев ресейлік Евгений Тищенконы жекпе-жекке шақырды, - деп хабарлайды Фируза Шарипованың баспасөз қызметі. 

"Евгений Тищенкомен жұдырықтасқым келеді. Қарсыласы қайтадан шықпай қалса, оны ауыстыруға дайынмын. Василий Левиттің Олимпиададағы жеңілісі үшін есеп айырысқым келеді", - дейді Балоев. 

Евгений Тищенко (3-0, 2 КО) 22 ақпан Екатеринбургте әлемнің бұрынғы чемпионы Оңтүстік Африка Республикасының боксшысы Томас Вестхайзенмен (28-2-2, 16 КО) жұдырықтасады. Жекпе-жек крузервейт аясында сегіз раундқа есептелген. 

Мұның алдында Тищенконың қарсыласы Вацлав Пейсар (13-7, 11 КО) болу керек еді. Ал Вестхайзен ресейлік өзге проспект Юрий Кашинскиймен (17-0, 16 КО) жұдырықтасатын болған. Алайда ол жарақат алып қалдым деп жекпе-жектен бас тартты.

Али Балоев кәсіпқойда сегіз жекпе-жек өткізіп, жетеуін нокаутпен жеңген.

Еске салайық, Тищенко 91 келіге дейін салмақта 2016 жылғы Олимпиада финалында қазақстандық Василий Левитті төрешілердің даулы шешімімен жеңген. Ресейлік жеңіске жетті деген шешімге Риодағы көрермендер ысқырып, наразылық білдірген болатын. 

Тищенко - Левит жекпе-жегінің қорытындысы Халықаралық олимпиада комитетінің (ХОК) боксты Олимпиада ойындары бағдарламасынан алып тастау мәселесін қарастыруға тағы бір түрткі болды. Бұл мәселе әлі де шешімін таппады.
Әлеуметтік желілерде бөлісу


Жаңалықтар