Левит пен Жүсіпов Қазақстан құрамасының намысын халықаралық турнирде қорғайды

Василий Левит. Фото: Данияр Майлыбаев©

Ғалымбек Кенжебаев жетекшілік ететін бокстан Қазақстан құрамасы Сербияға аттанды, деп мәлімдейді ҚБФ ресми сайты. 

Команда Belgrade Winner халықаралық турнирінде өнер көрсетеді. Бұл сайыста ел намысын тоғыз спортшы қорғайтын болады. Жарысқа аттанған боксшылар ішінде олимпиада лицензиясының иегерлері Сәкен Бибосынов, Серік Теміржанов, Абылайхан Жүсіпов пен Василий Левит те бар.

52 келі: Сәкен Бибосынов

57 келі: Серік Теміржанов

63 келі: Ертуған Зейнуллинов

69 келі: Абылайхан Жүсіпов

75 келі: Ермахан Жакпеков, Нұрқанат Райым

81 келі: Нұрбек Оралбай

91 келі: Василий Левит

+91 келі: Нұрлан Сапарбай

Турнир 22 cәуірде басталып, 28 сәуірге дейін созылады.

Метки: