Левит кәсіпқой боксты дүркіретеді - ресейлік маман

Сурет: ҚБФ
FightSpace жобасының негізін қалаушы Григорий Стангрит кәсіпқойда жетістікке жете алатын әуесқой боксшыларды атады. Бұл тізімде қазақстандық Василий Левит те бар, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Редакциямыздың арнайы конференциясында сұрақтарға жауап бере отырып, Стангрит КСРО мен қазіргі ТМД елдерінің кәсіпқой бокста дүркірей алатын спортшыларды атады. 

"Кеңес кезеңіндегілерден ол: Валерий Попенченко, Виктор Агеев, Вячеслав Лемешев.

Кеңес үкіметі ыдырағаннан кейінгілерді атасақ, ойға екеуі келеді: Роман Романчук және Василий Левит", - дейді Стангрит.

Еске салайық, Левит қазіргі таңда Токио Олимпиадасына дайындалып жатыр.

2016 жылы Левит 2016 жылғы Рио Олимпиадасының финалына жетіп, даулы жекпе-жекте ресейлік Евгений Тищенкодан жеңілген болатын.
Жаңалықтар