"Лас-Вегасқа қарап қалған жоқпыз". Головкиннің промоутері қарымта кездесуді басқа қалада өткізуді ұсынды
© Том Леффлердің твиттерінен
Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен қарымта кездесу қайтадан Лас-Вегаста өтеді дегенге қатысты қазақстандық боксшы командасының көзқарасын жеткізді.
Головкин - Альварес жекпе-жегі 16 қыркүйекте Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өткен және Невададағы билет сатылымы жағынан рекорд орнатқан болатын.
Леффлердің сөзінше, ол қарымта кездесуді Лас-Вегаста емес, басқа қалада өткізгісі келеді.
"Даллас (AT&T Stadium) және Madison Square Garden (Нью-Йорк) үлкен қызығушылық танытып отыр, бірақ, бәрі экономикалық жағдайға байланысты болады. Меніңше жекпе-жекті басқа қалада, өзге аудитория үшін өткізген жөн болады. Ал егер Лас-Вегастан өзге таңдауымыз болмаса, Геннадий ол жерге екінші рет те бара алады", - дейді Леффлер ESPN Deportes басылымына берген сұхбатында.
Мұның алдында промоутер Головкин мен Альварестің қарымта жекпе-жегін өткізуге дайын екендерін және "Канелоның" жауабын ғана күтіп отырғанын мәлімдеген. Қазақстандық боксшының өзі Альварес келіспеген жағдайда орта салмақта WBO чемпионы британиялық Билли Джо Сондерспен жұдырықасуға ниетті екенін білдірді.

Жарнама