Йордания астанасында өтіп жатқан Азия чемпионатында тағы бір қазақ боксшы жекпе-жек өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.
57 келіде өнер көрсететін Серік Теміржанов шаршы алаң қожайыны йорданиялық Юсеф Иашашпен жұдырықтасты. Үш раунд қорытындысы бойынша, төрешілер жеңісті қазақ боксшыға берді.
Айта кетейік, йорданиялық боксшы бірінші раундтан бастап шабуылдап, Ал Теміржановтың қарымта шабулы кезінде клинчке кіріп, қолын байлап отырды. Сонымен қоса, ол Серікті бір қолымен тіреп, екіншісімен ұрған кездері де болды.