АҚШ-та өткен бокс кешінің басты айқасында бірінші ауыр салмақта (90,7 келіге дейін) WBC чемпионы конголезиялық Илунга Макабу (29-2, 25 КО) оңтүстік африкалық Табисо Мчунуды (23-6, 13 КО) төрешілер шешімімен жеңді. Бұл боксшылардың қарымта кездесуі болды, 2015 жылы Илунга 11-раундта Табисоны нокаутқа түсірген еді, деп хабарлайды vRINGe.com.
Бұл жекпе-жекте чемпион лас әрекеттер көп қолданды, бірінші кездесулерінде де солай болған: шүйдеден ұрып, белден төмен соққы жасауға тырысты және гонг соғылғаннан кейін де қарсыласын ұрып жіберуге бірнеше рет әрекеттенді.
Чемпиондыққа үміткер қашықтықты бақылауында ұстап, аз соққы жасағанымен, дөп тиіп отырды. Ал бесінші раундта ол Макабуды есеңгіретіп жіберді.
Чемпион анық жеңіліп жатқанымен, 12-ші, шешуші раундта қимылдап қалуға тырысқан да жоқ. Дегенмен төрешілер шешімі: 115-113 Макабу, 115-113 Мчуну және 117-110 Макабу. Осылай...
Еске салайық, мұның алдында Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) президенті Маурисио Сулейман осы жекпе-жек жеңімпазы мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (57-1-2, 39 КО) жұдырықтасатынын айтқан.
Ауыр салмақ чемпионымен! WBC басшысы "Канелоға" қатысты мәлімдеме жасады