Бокс
10 қараша 11:49

Лара Әлімханұлының өзі туралы айтқанына қатқыл жауап берді

©Fightnews.info

Орта салмақтағы WBA чемпионы кубалық Эрисланди Лара (31-3-3, 19 KO) алдағы қарсыласы – IBF және WBO титулдарына ие қазақстандық Жәнібек Әлімханұлының (17-0, 12 KO) сөзіне жауап берді, деп хабарлайды Vesti.kz.

6 желтоқсанда қос чемпиондар Сан-Антонио (АҚШ) қаласында өтетін айқаста өз белбеулерін біріктіру үшін рингке шығады. Бұған дейін қазақстандық боксшы бұл жекпе-жек өзіне еш қауіп төндірмейді деп мәлімдеген болатын. Алайда кубалық қарсыласы оған тосынсый дайындағанын айтты.

"Жәнібек не ойласа, соны ойлайсын. 6 желтоқсанда бәрін көреміз - ол өзін не күтіп тұрғанына дайын ба, соны білейік. Барлығы ол ойлағандай оңай болмайды. Оны үлкен тосынсый күтіп тұр, бұған күмәнданбаңыздар", - деп келтіреді Лараның сөзін The Ring басылымы.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport