Лақапаты - "Өткір". Айдос Ербосынұлы 14 нокауты бар гайаналықпен титулды айқасқа шықпақ

Сурет: Suleimen Promotions©©

Екінші орта салмақтағы қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы (15-0, 10 КО) WBA Interim титулы үшін жекпе-жек өткізуі мүмкін. Бұл туралы Vesti.kz тілшісіне боксшының командасына жақын мәлімет көзі хабарлады. 

Ұйым өкілдерімен ауызша келісім жасалып қойған екен. Ал бұл айқаста қарсылас гайаналық Аллен Леннокс (22-1-1, 14 КО) болуы ықтимал. Дегенмен айқас уақыты мен өтер орны әлі нақтыланған жоқ. 

Айдос рингке тамыз айының соңында оралады деп болжанған. Ал бокс кешіне Suleimen Promotions компаниясындағы бірнеше қазақстандық боксшы қатысуы мүмкін. Бұл шоу Конституция күніне орайластырылуы ықтимал.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport