Америкалық боксшы Маркис Тэйлор (15-1-2, 1 КО) келесі жылы айқасқысы келетін боксшыларды атады, деп жазады Vesti.kz.
Америкалықтың рингте қарсылас еткісі келетіндер арасында екі бірдей қазақ боксшы бар: орта салмақта WBO және IBF чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) мен осы дивизионда WBO International титулына ие Мейірім Нұрсұлтанов (20-0, 11 КО).
Айта кетейік, Тэйлордың лақап аты "Нөлдерді ұрлаушы", өйткені ол бірнеше боксшыны карьерасында алғаш рет жеңіліске ұшыратып, жеңілісі нөл деп тұрған рекордтарын құртқан.