Бокстан Лондон Олимпиадасының чемпионы Серік Сәпиев мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Осыған дейін ҚР Мәдениет және Спорт министрлігі спорт және дене шынықтыру істері Комитетінің жетекшісі Серік Сәпиев өз еркімен қызметінен кету туралы шешім қабылдаған.
"Достар! Мен, Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасы қызметінен өз еркіммен кетуге шешім қабылдадым. Мен осы қызметті атқарған жылдары жанымда көмек еткен барша басшыларға және әріптестеріме рахметімді білдіремін! Алайда еліміздің спорт саласында еңбек ететін боламын", - дейді Сәпиев инстаграм парақшасына қалдырған жазбасында.
Еске салайық, Серік Сәпиев 2012 жылы Лондонда өткен жазғы Ойындардың алтын медалімен қоса турнирдің үздік боксшысына берілетін Вэл Баркер Кубогін иеленді. Сонымен қатар, (2005, 2007 жылдары) әлем чемпионы және (2007, 2009 жылдары) Азия чемпионатын жеңіп алды.