"Қызметімнен кеткенімді растаймын". Бақтияр Артаев қызметінен кетті

©instagram.com/astanaarlans/

Бокстан Олимпиада чемпионы Бақтияр Артаев Қазақстан бокс федерациясының вице-президенті қызметінен кетті, деп хабарлайды Экспресс К басылымы Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.

Бұл ақпаратты Вэл Баркер кубогінің иегері Казинформ агенттігіне растаған.

- Қызметімнен кеткенімді растаймын. Алайда әзірге себебін айта алмаймын, - деді экс-боксшы.

Бақтияр Артаев 2004 жылы Афины Олимпиадасының алтын жүлдесін иеленді. Сол жарыста ол турнирдің үздік боксшысына берілетін Вэл Баркер кубогін қоса алды. Сонымен қатар, 2005, 2007 жылдары өткен әлем чемпионатында қола медальмен марапатталды.    

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport