Қыздар арасында бокстан әлем чемпионатына баратын Қазақстанның құрамы жарияланды

©ҚФБ

Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасы Ыстанбұлда өтетін XII әлем чемпионатына қарқынды дайындалып жатыр. Қазір Шәміл Сафиуллин шәкірттері Босфор бұғазының жағасында жаһанның мықты боксшыларымен бірге оқу-жаттығу жиынында жүр, деп хабарлайды Olympic.kz.

Байрақты бәсекенің ашылу рәсімі 8 мамырда өтсе, 21 мамырда әр салмақтың жеңімпазы тұғыр биігіне көтеріледі. 

Біздің құраманың тізімі:

48 кг. Алуа Балқыбекова

50 кг. Назым Қызайбай

52 кг. Жайна Шекербекова

54 кг. Дина Жоламан

57 кг. Карина Ибрагимова

60 кг. Римма Волосенко

63 кг. Аида Абикеева

66 кг. Дариға Шәкімова

70 кг. Валентина Хальзова

75 кг. Надежда Рябец

81 кг. Гүлсая Ержан

+ 81 кг. Ләззат Күнгейбаева

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар