| 1XBET - ставки на спорт |

Жарнама

Бокс
16 маусым 15:21
 

Қызайбай Олимпиада жүлдегерімен айқасты: төрешілер мынадай шешім шығарды

  Пікірлер

blog.share

Қызайбай Олимпиада жүлдегерімен айқасты: төрешілер мынадай шешім шығарды ©ҚР ҰОК

Қазақстан әйелдер құрамасының капитаны Назым Қызайбай Қытайдың Гуйян қаласында өтіп жатқан Әлем кубогындағы алғашқы жекпе-жегін сәтті өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Қазақстан әйелдер құрамасының капитаны Назым Қызайбай Қытайдың Гуйян қаласында өтіп жатқан Әлем кубогындағы алғашқы жекпе-жегін сәтті өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.

54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің 1/8 финалында қазақстандық боксшыға Оңтүстік Корея өкілі, 2024 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Им Э Джи қарсы тұрды.

Үш раундқа созылған тартысты кездесу қорытындысында төрешілер жеңісті Назым Қызайбайға берді. Осылайша, тәжірибелі қазақстандық боксшы турнирдің ширек финалына жолдама алды.

Назым Қызайбай Қазақстан боксының ең табысты спортшыларының бірі саналады. Ол 2024 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, үш дүркін әлем чемпионы (2014, 2016, 2025) және 2021 жылғы Азия чемпионатының жеңімпазы.

Еске салайық, World Boxing Әлем кубогының екінші кезеңі 15-21 маусым аралығында Қытайдың Гуйян қаласында өтіп жатыр. Турнирге әлемнің үздік боксшылары қатысуда.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!