Бокс
Бүгін 00:22

Қытайдың боксшысы жартылай финалда қазақстандықты таза жеңді

©ҚБФ

Қазақстандық боксшы Бақыт Сейдеш Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатқан Әлем кубогының қорытынды кезеңінің жартылай финалына жете алмады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Сейдеш Олимпиада жүлдегеріне жол берді

70 келіге дейінгі салмақтағы ширек финалда Бақыт Қытай боксшысы, Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Ян Люмен кездесті.

Биыл Қазақстан чемпионы атанып, Азия чемпионатының финалына дейін жеткен Сейдеш үш раундтың қорытындысы бойынша қарсыласына есе жіберді. Төрешілер 5:0 есебімен жеңісті бірауыздан қытайлық боксшыға берді.

Осылайша, Бақыт турнирдегі өнерін аяқтады.

Әлем кубогы Ташкентте өтіп жатыр

Еске салайық, 28 қараша басталған Әлем кубогының қорытынды кезеңі 3 желтоқсанда аяқталады. Ташкенттегі жарысқа 31 елден 142 боксшы қатысып жатыр.

Бұған дейін Қазақстан чемпионы Фарух Тоқтасынов таза жеңіске жетіп, Әлем кубогының жартылай финалына өтті. Сонымен қатар Карина Ибрагимова Қазақстанға турнир финалына алғашқы жолдаманы сыйлады.
 
 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport