Бокс
Кеше 18:37

Қытайдан жеңіліс және нокдаун. Қазақстандық тағы екі боксшы Старнджа кубогінде айқас өткізді

©boxing-academy

Қазақстандық боксшлыар Аружан Жаңғабаева және Анастасия Баязитова Болгарияның София қаласында өтіп жатқан Старнджа кубогінде бірінші жекпе-жектерін өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.

63 келіде өнер көрсететін Жаңғабаева 1/8 финалда венгриялық Диана Чифрамен кездесті. Қазақстандық боксшы қарсыласын 5:0 есебімен таза жеңді, оның үстіне үшінші раундта венгриялықты нокдаунға түсіргенін айта кетейік. 

Енді ертең өтетін 1/4 финалда Аружан түркиялық Полат Берфинмен жұдырықтасады. 

Ал 75 келідегі Баязитова қытайлық Шиан Лимен жұдырықтасып, төрешілердің ортақ шешімімен жеңіліп қалды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport