Қазақстандық боксшы Аружан Жанғабаева Бангкокта (Таиланд) өтіп жатқан 2025 жылғы жастар арасындағы Азия чемпионатының (U-19 және U-22) жартылай финалына өте алмады, деп хабарлайды Vesti.kz.
22 жасқа дейінгі спортшылар арасында 65 келідегі өнер көрсеткен Жанғабаева Қытай құрамасындағы қазақ Дина Сантыбекке ұпай саны бойынша есе жіберді.
Осылай, Аружан жарыс жолын аяқтады, ал өзге ел құрамасындағы қандасымыз кемі қола жүлдеге жетіп отыр.
Бүгінгі сессияда бұған дейін 60 келіде Әсем Таңатар Қытай боксшысы Ю Тяньнен ұпай санымен жеңілді.