Қазақстандық боксшы Мария Сидоренко Бангкоктаа өтіп жатқан 19 және 22 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионатының жартылай финалына өте алмады, деп хабарлайды Vesti.kz.
19 жасқа дейінгі жас санатындағы 70 келіге дейін салмақта оның қарсыласы қытайлық Альмира Әбдірайым болды.
Бірінші раунд Қытай спортшысының айқын басымдығымен аяқталып, төрешілер бірауыздан 5:0 есебімен жеңісті Альмираға берді.
Екінші үш минуттық кезеңде де дәл осындай жағдай қайталанды - 5:0. Осылай үш раунд қорытындысы бойынша Әбдірайым таза жеңді.
Осы жеңіс арқылы Қытай боксшысы жартылай финалға өтіп, Азия чемпионатының кемі қоласына жетіп отыр.
Жарнама