auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

"Қысым жасаудың қажеті жоқ". "Канело" командасы Сондерске соқыр тиын ғана ұсынған ұқсайды

"Қысым жасаудың қажеті жоқ". "Канело" командасы Сондерске соқыр тиын ғана ұсынған ұқсайды
Сурет: AllFight.Ru
Төрт салмақта әлем чемпионы мексикалық Сауль "Канело" Альварес (53-1-2, 36 КО) рингке қыркүйекте оралады. Болжам бойынша, ол Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында жұдырықтасады. 

Мексикалық боксшының қарсыласы екінші орта салмақта WBO титулына ие британиялық Билли Джо Сондерс (29-0, 14 КО) еді. Боксшылар мамырда жұдырықтасу керек болған, алайда, пандемия салдарынан жекпе-жек кейінге шегерілді. Қазір бокс кеші көрерменсіз өтетіндіктен жекпе-жектің жүлде қоры азайған. Осы себепті Альварес британиялықпен кездесу өткізбеуі де мүмкін. Өйткені Golden Boy Promotions өздерінің супержұлдызы "Канеломен" ақша жөнінен қайшылыққа келмес үшін қаражатты қарсылас есебінен үнемдемек. 

Ендігіде Сондерс те Альвареспен жекпе-жекке шығу мүмкіндігінен айырылғалы тұрғанын түсініп отыр.

"Промоутерім Эдди Хирн бар күшін салуда. Альвареспен жекпе-жек өткенін қатты қалайыз. Бірақ сіздермен ашық болайын. Не боларын білмеймін, міне солай. Демек "Канеломен" рингке шығармын, бірақ, қыркүйекте емес. Менің шаруам жұдырықтасып, жеңіске жету. Сондықтан жекпе-жек өтпей қалса, оған басымды ауыртпаймын. Ақша үшін де. Отбасым аш емес. 

Қанша ақша ойнатылатыны бәрібір емес пе? 100 миллион, 200 миллион доллар немесе соқыр тиын? Шындық кімнің жағында екені маңызды. Сондықтан маған қысым жасаудың қажеті жоқ. Бәрібір түк шықпайды. Олай келісе қоймаспын. Өзіме және карьерама қолайлыны жасаймын. Боксқа "Канелоның" шашбауын көтеруге келгенім жоқ. Сондықтан ұсыныс не орынды болу қажет немесе ештеңе шықпайды. Үшінші жол жоқ. Онда да қорқынышты ештеңе жоқ. Одан ақырзаман тумайды ғой", - дейді Сондерс. 
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Хоккей
  • Футзал
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама