- Жоқ. DAZN-мен 14 қыркүйекке келісім болған. Бірақ Альварес "жоқ" деді. Міне осы күтпеген жағдай болды. Ковалев пен оның арасындағы іске араласқым келмейді, өздерінің бизнесі. Бірақ бізде келісім болған, алайда, ол бас тартты. Жарайды оның өз жолы, менің өз жолым бар.
- "Канеломен" бітпеген іс барын және көптеген жанкүйерлер сенің жеңгеніңді айтатынын білу қалай?
- Жайлы сезімдемін. Жақсы тәжірибе алғанымды айтқанмын. Енді ол жігіт пен промоутерлері жайында түсінігім бар. Бұл "лас жағдай", сондықтан командама қатысты болмаған соң ол туралы сөз қозғағым келмейді. Мен тек "Канелоны" қолдайтындарды түсінбеймін. Бұл бокс, бизнес пен бәріне де кері әсер етеді.
- Үшінші жекпе-жек ешқашан болмаса?
- Менің көзқарасымды білесіздер. Әрине боғаны жақсы еді. Тағы бас тартса, еш қиындық жоқ. Өзге аты шыққан боксшылар бар, чемпиондар. Қазір жақсы жағдайдамын, мықты команда, бокс әлеміндегі тамаша адамдар - Matchroom, Эдди Хирн. Болашаққа идея жетерлік.
"Канело" кім екенін көрсетті, промоутер, матчмейкер, менеджері туралы ауыр сөздер айтты... Оларға жуығым келмейді. DAZN-мен келісімшарт бар, үшінші жекпе-жек болса - бұл бизнес үшін жақсы, өйткені бокс қазір - сұмдық бизнес.