Қырғызстан құрамасының бірден он боксшысы әлем чемпионаты өтетін БАӘ визасын ала алмады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Sport АКИpress Қырғызстан бокс федерациясы мәліметіне сүйене таратқан ақпаратқа сәйкес, чемпионатқа ресми түрде 13 адам тіркелген:
"Федерация әлем чемпионатын ұйымдастыратын IBA-ға біздің команданың визаларын алу үшін қажетті барлық құжаттарды тапсырды. Екі боксшы мен бір бапкер виза алды, қалған он адамға рұқсат берілмеді", – деп мәлімдеді ұйым өкілдері.
Айта кетейік, 46 елдің командалары да дәл осындай мәселеге тап болып отыр, мұндай жаппай қиындықтар жағдайды ушықтырып, күрделендіріп отыр.
IBA ұйымдастыратын әлем біріншілігі 3–13 желтоқсан күндері Дубайда өтуі тиіс, алайда, қырғыз құрамасының қатысуы белгісіз болып қалды.
Жарнама