auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

"Күйіп-пісудің қажеті жоқ". Айтжанов кіші ӘЧ нәтижесі жайлы

"Күйіп-пісудің қажеті жоқ". Айтжанов кіші ӘЧ нәтижесі жайлы
©ҚБФ

Болгарияның София қаласында бокстан дәстүрлі "Странджа" турнирі аяқталып, Қазақстан құрамасы үш медальмен оралды. Ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы Мырзағали Айтжанов Olympic.kz сайтына берген сұхбатында жеңімпаз бен жүлдегер боксшыларға баға бере кетті. 

Алтын медальды 67 килоға дейінгі салмақта Дулат Бекбауов жеңіп алып, чемпион атанды. Ол финалда үнді боксшысы Раджаттан айласын асырды. 

"Дулат Бекбауов өз салмағында топ жарды. Оның салмағы Олимпиадаға енбейді. Десе де, бұл жетістік Азия чемпионатының алдындағы дайындық іспетті болды. Спортшы жыл бойы дайын жүруі керек. Енді Дулат та алдағы арман-мақсаттары үшін ерінбей еңбек етеді, - деді Айтжанов.

Әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай финалда үнді боксшысы Амит Пангалға жол берді. Төрешілер бірауыздан қарсыласын айқын жеңімпаз деп таныды. Ол 51 келіге дейінгі салмақта бақ сынады.

"Санжар жаңа салмаққа жақында өтті. Әлі бір жыл да толмады. Әр спортшының жаңа салмаққа бейімделуі әртүрлі болады. Біздің спортшымыз жас болса да, атағы, шеберлігі бар боксшы. Сондықтан, ертерек қалыптасады деп ойлаймыз. Финалда әлемдік деңгейдегі мықты спортшының бірімен кездесті. Ақтық сында да осалдық танытты деп айта алмаймын. Өзіне лайық өнер көрсетті. Кейбіреулер Санжардан бұдан да үлкен нәтиже күтіп, күміс медальға ренжіп қалуы мүмкін. Бірақ Амиттің жасы да, спорттағы тәжірибесі де үлкен. Санжар Тәшкенбай оның қасында жас бала. Бәрі алда. Әрбір жарысқа, әрбір нәтижеге күйіп-пісудің қажеті жоқ. Жанкүйерлерге түсіністікпен қарауды сұраймыз. Келешекте Санжардың бұл салмақтағы үздік нәтижелерін көре бастайтынымыз анық, - деді бас бапкер.

Қола медальды 80 килоға дейінгі салмақта Тұрсынбай Құлахмет иеленді. Кәсіпқой боксты қатар алып жүрген отандасымыз жартылай финалда Қытайдағы қазақ боксшысы Тоқтарбек Таңатқанға жол берді.

"Тұрсынбай Құлахмет кәсіби боксқа кетіп, әуесқой бокстағы жарыстардан біраз үзіліс алған еді. Енді, міне, командаға қайта оралып, өзінің  бабына еніп келе жатыр. Іс-қимылынан көрініп тұр. Спартакиада кезінде де байқадық. Тұрсынбай 75 келіден 80 келіге ауысты ғой. Жаңа салмақ кішкене ауырлау соғып тұрған сыңайлы. Бірақ 80 келідегі әлемнің ең мықты боксшыларының бірі - Тоқтарбек Таңатқанмен терезесі тең өнер көрсетті. 2:3 есебімен жеңілді. Тоқтарбектің шеберлігі мен жылдамдығы біздерге, мамандарға көрініп тұрды", - дейді маман. 

Айта кетейік, "Странджа" турниріне Қазақстанның екінші нөмірлі боксшылары барды. Ал ел спартакиадасында топ жарғандар Италиядағы лицензиялық турнирде бақ сынайды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футзал
  • Футзал
  • Футбол
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама