Күтпеген жағдай. Өзбекстан құрамасы Ханчжоуда мықты боксшыдан "айырылды"

28 қыркүйек 2023 09:36
©olympic.uz

Ханчжоуда (Қытай) өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында қазақстандық боксшы Ертуған Зейнуллиновтың 1/4 финалдағы қарсыласы анықталды, деп хабарлайды Vesti.kz.

63,5 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Зейнуллинов 1/8 финалда өзбекстандық этникалық қазақ Руслан Абдуллаевты 5:0 есебімен жеңіп, сенсация жасған моңғол Чинзорик Баатарсухпен кездеседі.

Айта кетейік, Баатарсух пен Абуллаев 2023 жылы Ташкентте өткен әлем чемпионатының финалында кездескен. Ол кезде Өзбекстан боксшысы айқын басымдықпен жеңіске жеткен болатын. 

Еске салайық, Зейнуллинов 1/8 финалда 2023 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері тәжікстандық Баходур Усмоновпен кездескен болатын. Бұл ауыр жекпе-жекте қазақстандық 3:2 есебімен жеңіске жетті. Бұл жекпе-жекте екі боксшы да нокдаунға түсті.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар