Қазақстандық былғары қолғап шебері Махмұт Сабырхан Нидерландтағы Эйндховен қаласында өтіп жатқан Eindhoven Box Cup турниріндегі бірінші айқасында-ақ күтпеген жерден жеңіліп қалды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Оның қарсыласы украиналық Максим Зименко болды. Жекпе-жек 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өтті. Кездесу төрешілердің шешімімен Зименконың жеңісімен аяқталды.
Осылайша, украиналық боксшы жартылай финалға жолдама алып, кемінде қола жүлдеге жетіп отыр. Ал 2023 жылы әлем чемпионы атанған Махмұт Сабырхан жүлдеге жете алмай қалды.
Жарнама