Бокс
29 қаңтар 2020 09:32

"Күшіне ғана сенетін". Атақты боксшы Головкин жаттығу лагерін күрт өзгерткеніне бағасын берді

© martialsport.ru
Орта салмақта IBF және IBO чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) SNAC спорттық дайындық орталығында жаттығу туралы шешім қабылдады, - деп хабарлайды Vesti.kz.


GGG 2010 жылдан бері теңіз деңгейінен 2064 метр жоғары орналасқан Калифорниядағы Big Bear мекенінде ғана жаттығатын. Ал жаңа лагерь жазықтықта. Головкинді жаттықтырумен орталық директоры Виктор Конте айналысады. Конте бірқатар танымал боксшыларды дайындайды. Олардың ішінде төрт салмақта бұрынғы әлем чемпионы Майки Гарсия да болған. 

Мұндай он жылда болмаған. Геннадий Головкин жаттығу лагеріне күтпеген өзгеріс енгізді

"Бұл өте үлкен қадам, ілгерлеу. Головкин бүкіл карьерасында тек күшке сенім артты. Бұлшық ет туралы ғана ойлады. Әрине ол жақсы жеміс беріп тұрды. Бірақ осы кезеңінде оған өзгеріс керек. Жылдамдық пен шыдамдылыққа көбірек көңіл бөлу қажет. Енді ол иекмді әрі епті болу керек. 

"Конте мен SNAC оған осы жолда көмектеседі деп ойлаймын. Осы тұрғыда олар мықты. Реакция жылдамдығы, бұлшық еттің жылдам жиырылуы және сол сияқты. Мұның бәрі оған карьерасының қазргі кезеңінде көмектеседі деген ойдамын. Жетіліп, ұштала түсер. Сондықтан бұл ықпалдастық тамаша идея деп есептеймін", - дейді Гарсия.