Құрмет орнына. Еңбек сіңірген бапкерге жүргізуші жұмысына ауысуды ұсынған
Бұрынғы әлем чемпионы Сергей Ковалевті жаттықтырған Ресейдің еңбек сіңірген бапкері Владимир Рощенконы Бокстан спорттық дайындық орталығындағы қызметінен болсатып, автобус жүргізушісі болуға кеңес берген екен, деп хабарлайды "Чемпионат".

"Бокс пен бапкерлік еңбекке бар өмірімді сарп еттім. Ал автобус жүргізушісі болу туралы хабарламаны менің шәкіртім Дмитрий Дягилев ұсынғаны өкінішті. Бұл мен үшін белден төмен соққы. Жас буынды тәрбиелеу туралы көп айтамыз, бірақ, жас бапкерлер не көрді? Бокс пен елім үшін адал еңбектендім, шәкірттерімнің құрметіне Ресей әнұраны талай шырқады. Енді жасым келгенде құрмет орнына автобус жүргіз дейді. Бұл жаныңа батады...", - деп жазыпты бапкер Ресей президентіне жазған хатында.
Жарнама