Құрмет көрсетілді. Автобус жүргізушісі болуды ұсынған белгілі бапкерге жаңа жұмыс табылды
Бокстан әуесқойлар арасында Ресейге еңбегі сіңген жаттықтырушы Владимир Рощенкоға жаңа қызмет ұсынылды. Бұл туралы Ресей бокс федерациясының баспасөз қызметі хабарлап отыр.
Бокстан әуесқойлар арасында Ресейге еңбегі сіңген жаттықтырушы Владимир Рощенкоға жаңа қызмет ұсынылды. Бұл туралы Ресей бокс федерациясының баспасөз қызметі хабарлап отыр.
"Челябинск қаласының танымал бапкері өз карьреасында КСРО мен Ресейде 100-ден аса спорт шеберін дайындады. 15 шәкірті халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағын алды. Талантты шәкірттерінің арасында кәсіпқой бокста жүрген Сергей Ковалев бүгінде ел намысын абыроймен қорғап жүр. Жуырда 69 жастағы маман Челябинсктегі спорттық даярлау орталығында қызметінен босатылған еді. Бокс федерациясының президентімен өткен әңгіме барысында Умар Кремлев пен барша бокс қауымдастығы Рощенконы қолдады", - делінген федерацияның ресми сайтында.
Сонымен қатар, Кремлев еңбегі сіңген жаттықтырушыға 1 млн рубльдің сертификатын сыйға тартты. Одан бөлек, сол кездесуден кейін Ресей бокс федерациясында жұмысқа орналасты.
Еске салайық, осыған дейін тәжірибелі маманның қызметінен қуылғаны туралы ақпаратты өз шәкіртінен естігені жайлы жазғанбыз.
Жарнама