Бокс
10 сәуір 2023 11:34

Құрамадағы допинг дауы: Азия чемпионатының жүлдегері жарыстан шеттелді

©ҚБФ

Бокстан Қазақстан командасының мүшесі, 2022 жылғы Азия біріншілігінің қола жүлдегері Саматәлі Төлтаев допинг дауына байланысты командадан шеттетілді. Бұл туралы бас бапкер Мырзағали Айтжанов та мәлімдеді, деп жазады Bassport.kz.

"Мен командаға келген соң, қайтадан дәрігерлерді, ғылыми кешенді топ қызметкерлерін жинап, жұмыс істей бастадық. Олар жігіттерге допинг туралы үнемі ескертіп отырады. Тіпті, көшеден су ішуге болмайтынын да ескертеміз. Ал Саматәлі достарының, таныстарының айтуымен витамин ішемін деген ойда болған. Бүгінде одан екінші сынама алынады. Халықаралық комиссия шешеді бәрін. Қазір оны үйіне қайтардық. Жаттығу жиындарында жоқ. Боксшылар мамандар мен дәрігерлердің бақылауында", - деді бас бапкер.

 

Айта кетелік, Саматәлі Төлтаевтың допинг қолданғаны дәлелденсе, төрт жылға спорттан шеттетілуі мүмкін.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport