Құрама капитаны, Левит және қазақтың тағы бес боксшысының жекпе-жектеріне тікелей трансляция

18 қыркүйек 2019 14:35
Қайрат Ералиев. © boxing2019.com
Бүгін, 18 қыркүйек Екатеринбургте өтіп жатқан 2019 жылғы бокстан әлем чемпионатының оныншы күн жекпе-жектері өтеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Жартылай финалға жолдама үшін бүгін де шаршы алаңға Қазақстан құрамасының жеті боксшысы шығады.

Осылайша, 1/4 финалда Қазақстан мен Өзбекстан боксшылары арасындағы алғашқы текетірес басталады - чемпион атағындағы Қайрат Ералиев Миразизбек Мирзахалиловпен жұдырықтасады. Бұл жекпе-жек кешкі сессияда өтеді. 

Күндізгі сессия (Қазақстан астанасының уақытымен 16:00):

В рингі:
52 келіге дейін. Сәкен Бибосынов - Артур Оганесян (Армения)
75. Тұрсынбай Құлахмет - Арман Дарчинян (Армения)
91. Василий Левит - Хуссейн Яшаиш (Иордания)

Кешкі сессия (20:00):

А рингі:
69. Абылайхан Жүсіпов - Роан Поланко (Доминикан Республикасы)
81. Бекзат Нұрдәулетов - Байрам Малкан (Түркия)
91. Қамшыбек Қоңқабаев - Нелви Тиафак (Германия)

В рингі:
57. Қайрат Ералиев - Миразизбек Мирзахалилов (Өзбекстан).

Жекпе-жектерге сілтеме жарысқа жақын уақытта салынады.